Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

9 сағат бұрын

Милан Олимпиадасындa Әмірғали Мұратбеков пен Наиль Башмаков масс-стартқа қатысты

Милан Олимпиадасындa Әмірғали Мұратбеков пен Наиль Башмаков  масс-стартқа қатысты

Бүгін XXV қысқы олимпия ойындарында ерлер арасында классикалық стильмен 50 шақырым шаңғы жарысынан жүлдегерлер белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ұлттық құрама сапынан Әмірғали Мұратбеков пен Наиль Башмаков сынға түсті. Нәтижесінде алғаш рет Олимпиадаға қатысып жатқан Әмірғали Мұратбеков 46-орынға тұрақтады. Ал Наиль Башмаков жарысты толық аяқтай алмады.

Ерлер, 50 км масс-старт жүлдегерлері: 

1. Йоханнес Клебо (Норвегия) 2 сағат, 7 минут, 07.1 секунд (бір қысқы Олимпиадада 6 алтын алған тұңғыш атлет) 

2. Мартин Нюэнгет (Норвегия)

3. Эмиль Иверсен (Норвегия) 

Айта кетейік, шаңғы жарысынан ұзақ жылдан бері Солтүстік Еуропа, оның ішінде Скандинавия түбегі елдерінің спортшылары фаворит саналады.

Жалпы спорттың осы түрінен Миландағы Олимпиадада 12 жүлде жиынтығы (ерлер 6, әйелдер 6) сарапқа салынып жатыр. Ертең, 22 ақпанда Валь-ди-Фьемме алқабындағы Тезеро стадионында әйелдер осы дисциплинада күш сынасады.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»