Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Конькимен жүгіруден Елизавета Голубева масс-стартта жүлде ала алмады

Конькимен жүгіруден Елизавета Голубева масс-стартта жүлде ала алмады

Италияның Милан қаласында XXV қысқы Олимпиада ойындарының конькимен жүгіруден соңғы жүлде жиынтығы сарапқа салынды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Әйелдер арасындағы масс-старт бәсекесінде тәжірибелі Ұлттық құрама спортшысы Елизавета Голубева сынға түсті. Нәтижесінде отандасымыз 8 минут, 38.07 секунд нәтижесімен 16-орын алды.

Әйелдер масс-стартты, жүлдегерлер: 

1. Марейке Груневауд (Нидерланд) 

2. Ивани Блонден (Канада) 

3. Пак Чжи Ву (Оңтүстік Корея) 

Қазір Қазақстан 1 алтын медальмен жалпыкомандалық есепте 19-сатыда тұр.

Еске сала кетейік, конькимен жүгіруден қысқы олимпия ойындарында Қазақстан еншісінде 1 медаль бар. Наганода 1998 жылы өткен өткен бәсекеде отандасымыз Людмила Прокашева 5000 метрге жарыста 3-орын алған.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»