Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Қазақстан 2026 жылғы қысқы Олимпиадағы медальдар кестесінде қай орын алды?

Қазақстан 2026 жылғы қысқы Олимпиадағы медальдар кестесінде қай орын алды?

Фото: Қазақстан ҰОК

2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан медальдар кестесінде қай орын алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.  

Еліміз биыл қысқы Олимпиада ойындарында 10 түрінен 58 медаль жиынтығы бойынша бақ сынады. Олардың қатарында биатлон, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғы спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарыстары, шаңғымен трамплиннен секіру, фристайл-могул және фристайл-акробатика бар.

Дүбірлі додада биыл еліміздің атынан мәнерлеп сырғанау шебері Михаил Шайдоров чемпион атағын жеңіп алды. 

Қазақстан 1 алтын медальмен 19-орынға жайғасты. 

Соңғы рет жеңіс тұғырына 1994 жылы қазақстандық шаңғышы Владимир Смирнов көтерілген еді.

Дүбірлі додада әлемнің 90-нан астам елінен шамамен 3 500 спортшы қатысты. Байрақты бәсекеде 16 спорт түрі бойынша 116 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

Жалпы командалық есепте Норвегия 18 алтын, 12 күміс, 11 қоламен көш басына шықты. Одан кейінгі орындағы АҚШ 12 алтын, 12 күміс, 9 қола еншілесе, үздік үштікті 10 алтын, 7 күміс, 3 қоламен Нидерланд түйіндеді. 

Биыл қысқы Олимпиадада барлығы 29 мемлекет жүлдеге қол жеткізді. Мұндай мүмкіндікке Италия, Германия, Франция, Швеция, Швейцария, Аустрия, Жапония, Канада, Қытай, Оңтүстік Корея, Аустралия, Ұлыбритания, Чехия, Словения, Испания, Польша, Жаңа Зеландия, Финляндия, Латвия, Дания, Эстония, Грузия, Болгария және Бельгия ие болды.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»