Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Қазақстан құрамасы 32 жылдан кейін Олимпиадада үздік 20 елдің қатарына енді

Қазақстан құрамасы 32 жылдан кейін Олимпиадада үздік 20 елдің қатарына енді

Фото: olympics.com

Италияда өткен XXV қысқы Олимпия ойындарында Қазақстан құрамасы 1994 жылдан кейін алғаш рет Олимпиадада үздік 20 елдің қатарына енді, деп хабарлайды Sport12.kz.  

Қазақстандық спортшылар дүбірлі додада 1 алтын медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте 19-орынға ие болды.

Ел қоржынына алтын жүлдені мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құрама көшбасшысы Михаил Шайдоров салды. 

Осылайша, ұлттық құрама 1994 жылдан кейін алғаш рет Олимпиадада үздік 20 елдің қатарына енді. Отандастарымыз қысқы спорт түрлерінде дәстүрлі түрде жүлде алып, үздіктер қатарынан көрініп жүрген Финляндия, Польша, Бельгия құрамаларын артта қалдырды.

Қазақстан құрамасынан қысқы Олимпиадаға 10 дисциплина бойынша 36 атлет (18 ер, 18 әйел) қатысты.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»