4 күн бұрын
Олимпиада жеңімпазын Серік Сәпиев қарсы алды
2012 жылғы Олимпиада чемпионы, боксшы Серік Сәпиев Италияда өткен 2026 жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың Қазақстанға оралуына қатысты пікір білдірді.
Сәпиев спортшыны елге келуімен құттықтап, әлеуметтік желідегі парақшасында екеуінің бірлескен суретін жариялады.
«Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты қарсы алдық! Елге қош келдің! Жеңісіңмен құттықтаймын!» — деп жазды ол.
Еске салайық, Шайдоров 2026 жылғы Олимпиадада Қазақстан тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан алғашқы алтын жүлдені жеңіп алып, ұлттық құрама қоржынына жалғыз медаль салған еді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»