Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

4 күн бұрын

Самоделкина келесі Олимпиадада алтын алуды көздейді

Самоделкина келесі Олимпиадада алтын алуды көздейді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина 2026 жылғы Олимпиададан кейін елге оралып, жанкүйерлерге алғыс білдірді және болашақта алтын жүлде үшін таласатынын мәлімдеді.

Милан мен Кортина-д’Ампеццода өткен қысқы Олимпиадада Самоделкина әйелдер арасындағы жекелей сында қысқа және еркін бағдарламалар қорытындысы бойынша оныншы орынға тұрақтады. 19 жастағы спортшы үшін бұл — Олимпиададағы алғашқы қатысуы.

Өз сөзінде ол қазақстандық жанкүйерлердің қолдауы ерекше күш бергенін атап өтті. Сондай-ақ отандасы, ерлер арасында Олимпиада чемпионы атанған Михаил Шайдоровтың жетістігін қайталауды мақсат ететінін жеткізді.

«Келесі жолы бұдан да жоғары нәтиже көрсетіп, Михаил секілді алтын медаль әкелуге тырысамын», — деді Самоделкина.

Айта кетейік, Миландағы өнері үшін спортшыға Астанадан бір бөлмелі пәтерге сертификат табысталды.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»