Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

4 күн бұрын

Ел президенті спорттан Қазақстан үшін маңызды жарыстарды атады

Ел президенті спорттан Қазақстан үшін маңызды жарыстарды атады

Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, екі жылдан кейін атлеттеріміз Лос-Анджелесте өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қатысатынын еске салды, деп хабарлайды Sport12.kz.

– Туризм және спорт министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитеті, федерациялар бірлесе жұмыс атқарып, құрама мүшелерін жан-жақты қолдауға тиіс. 2029 жылы Алматы қаласында өтетін Қысқы Азия ойындарына ерекше назар аудару қажет. Ойындар ең жоғары деңгейде ұйымдастырылуы керек. Бұл – Қазақстандағы спорттың дамуына тың серпін беріп, экономика мен туризм салаларына оң ықпал ететін өте маңызды іс-шара, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Айта кетейік, 7-22 ақпан күндері аралығында өткен Милан Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 1 алтын жүлде еншілеп, жалпы есепте 19-орынға тұрақтады.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»