2 күн бұрын
Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионына автокөлік сыйлады
Қазақстандық өнерпаз Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа берген уәдесін орындады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ол мәнерлеп сырғанаушыға Hyundai Palisade автокөлігін табыстады.


Бұған дейін спортшының жеңісіне қатты толқыған әнші видеоүндеу жазып, оны тарихи жетістігімен құттықтап, алғыс білдірген еді.
«Ағаң, менің досым Денис пен халық алдындағы парызыңды орындағаның үшін рақмет! Мұз айдынындағы болашағың жарқын, шабытқа толы болсын. Талантыңмен әлемді бағындыра бер! Олимпиадада менің орындауымдағы әнді таңдағаның да қуантты. Саған темір тұлпар сыйлаймын», — деді өнер иесі.
Еске салайық, 14 ақпанға қараған түні Италияда өткен Қысқы Олимпиада ойындарында Шайдоров екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 291,58 ұпай жинап, алтын медаль жеңіп алды. Ол Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің нәтижесінен (255,10 ұпай) асып түсті.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов