Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Мәнерлеп сырғанаудан тағы бір Олимпиада чемпиондары әлем чемпионатына барудан бас тартты

Мәнерлеп сырғанаудан тағы бір Олимпиада чемпиондары әлем чемпионатына барудан бас тартты

Жұптық мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпиондары Рику Миура мен Рюити Кихара Прагада өтетін әлем чемпионатына қатыспайды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Еске салайық, 2026 жылғы Олимпиада ойындарында жапондық спортшылар еркін бағдарламада 158,13 ұпай жинап, әлемдік рекорд орнатқан еді.

«Бұл жолы біз әлем чемпионатына қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдадық. Осы маусымдағы басты мақсатымыз — Олимпиада ойындары болды. Ал маусым басталғанға дейін әлем чемпионатына қатысамыз ба, жоқ па, тіпті ойламаған да едік.

Олимпиадада алтын медаль жеңіп алған соң, бұрынғы физикалық және психологиялық қалыпқа келу өте қиын болады деген қорытындыға келдік. Сондықтан жарыстан бас тартуды жөн көрдік.

Алдағы жоспарларымыз туралы маусым аяқталғаннан кейін өзіміз хабарлаймыз.

«Рику–Рю» жұбын алдағы уақытта да жылы қолдай берулеріңізді сұраймыз. Қолдауларыңызды өте жоғары бағалаймыз», — деп Миура мен Кихараның сөзін Japan Skating Federation келтіреді.

Әлем чемпионаты 24–29 наурыз аралығында Чехияда өтеді.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»