14 сағат бұрын
Иран қысқы Паралимпиадаға қатысудан бас тартты
Милан мен Кортинада өтетін Паралимпиада ойындарынa Иран құрамасы қатыспайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ираннан тек бір ғана спортшы — екі дүркін паралимпиада қатысушысы Абулфазл Хатиби Мианаи өнер көрсетуі тиіс еді. Ол шаңғы жарысының екі дисциплинасына тіркелген болатын. Алайда Таяу Шығыстағы әскери қақтығыс салдарынан туындаған логистикалық қиындықтар Иранның Ұлттық олимпиадалық комитетін ойындарға қатысудан бас тартуға мәжбүр етті.
«Қақтығыс басталғаннан бері Халықаралық паралимпиада комитеті мен жарыстың ұйымдастыру комитеті Иран делегациясының ойындарға қауіпсіз жетуі үшін балама бағыттарды табу мақсатында тынымсыз жұмыс істеді. Алайда Таяу Шығыста жалғасып жатқан қақтығыс жағдайында адамдардың өміріне төнетін қауіп тым жоғары», — деді МПК президенті Эндрю Парсонс.
Айта кетейік, Милан Паралимпиадасында Қазақстан атынан 7 отандасымыз жүлдеге таласады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов