Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Михаил Шайдоров ISU Figure Skating Awards сыйлығына үміткер атанды

Михаил Шайдоров ISU Figure Skating Awards сыйлығына үміткер атанды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров 2025/26 жылғы маусым қорытындысы бойынша Халықаралық конькишілер одағының ISU Figure Skating Awards сыйлығына үміткерлер қатарына енді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Отандасымыз «Ең үздік костюм» аталымы бойынша ұсынылып отыр. Бұл номинация ерекше сахналық бейнесімен, креативтілігімен, стилімен және көркемдік шешімімен ерекшеленген мәнерлеп сырғанаушыларға беріледі.

Михаил Шайдоров үміткерлер тізіміне еркін бағдарламадағы костюмі үшін енгізілді. Жалпы алғанда, аталым бойынша 16 спортшы (жекелей және жұптық сайыста) ұсынылған. Олардың қатарында америкалық Илья Малинин, эстониялық Александр Селевко, жапониялық Каори Сакамото, Адам Сяо Хим Фа, Мэдисон Чок / Эван Бейтс (АҚШ), Ли Хэ Ин (Оңтүстік Корея), Анастасия Губанова (Грузия) және басқа да танымал спортшылар бар.

Бұдан бөлек, маусым қорытындысы бойынша «Ең үздік бапкер», «Ең үздік хореограф» және «Ең әсерлі бағдарлама» аталымдарының жеңімпаздары да анықталады.

Жанкүйерлер арасында дауыс беру ISU-дың ресми сайтында өтіп жатыр. Қолданушылар 18 наурызға дейін өз таңдауларын жасай алады.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»