Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды

Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан 1500 м классикалық спринт дисциплинасында 2 минут 29 секунд уақыт көрсеткішімен мәре сызығын кесіп өтіп, қысқы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sport12.kz

Жарыста бірінші орынды қытайлық Лю Цзысюй, ал екінші орынды бразилиялық Кристиан Вестемайер Рибера иеленді.

Аталған дисциплинаның іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасының спортшылары Юрий Березин, Анна Грачова, Нурлан Алимов және Владислав Кобаль да өнер көрсетті. Алайда олар іріктеу кезеңінен өте алмады.

Ертең ұлттық құраманың спортшылары осы спорт түрінен 10 км интервалды жарыс бойынша бақ сынайды.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»