Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Қазақстан құрамасы қысқы Паралимпиадада 22-орынға табан тіреді 

Қазақстан құрамасы қысқы Паралимпиадада 22-орынға табан тіреді 

Фото: Қазақстан ҰОК

Қазақстандық парашаңғышы Ербол Хамитовтің 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарындағы қола жүлдесінен кейін еліміз медальдар кестесінде қай орынға жайғасқаны белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Медальдар кестесінде еліміз бір қола медальмен 22-орынға табан тіреді.

Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Ербол Хамитов – пара биатлон мен пара шаңғы жарысынан әлем чемпионаттарының жүлдегері және бірнеше мәрте әлем кубогы кезеңдерінің жеңімпазы. 2022-2023 жылғы маусымда ол пара шаңғы жарысынан әлем чемпионы атанып, Қазақстан тарихында осы жетістікке қол жеткізген алғашқы пара спортшы болды. Ал 2024-2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша Ербол Хамитов пара биатлоннан әлем кубогының жалпы есебінде жеңіске жетіп, 31 жылдан кейін Қазақстанға Хрусталь глобусты қайта әкелді.

Бұл тізімде Қытай - 21 (9 алтын, 5 күміс, 7 қола) медальмен көш басында келеді. Одан кейінгі орындарда Аустрия (4-1-1) және Украина (3-2-5) тұр.

Сондай-ақ алғашқы ондықта АҚШ, Италия, Норвегия, Испания, Швеция, Швейцария бар.

Қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы пара шаңғы жарысы мен пара биатлон спорт түрлері бойынша ел намысын қорғап жатыр.

Биылғы дүбірлі додада Қазақстан құрамасы пара шаңғы және пара биатлон спорт түрлері бойынша ел намысын қорғайды. Халықаралық аренада Қазақстан атынан 7 спортшы сынға түседі. Олардың қатарында Ербол Хамитов, Нұрлан Әлімов, Александр Герлиц, Юрий Березин, Владислав Кобаль, Сергей Усольцев және Анна Грачева бар.

Құрама сапындағы ең жас спортшы – пара шаңғы жарысында өнер көрсететін 17 жастағы Владислав Кобаль. Ал команданың ең тәжірибелі әрі жасы үлкен мүшесі – пара шаңғы және пара биатлоннан бақ сынайтын Сергей Усольцевтің жасы 51-ге келді.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»