Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

Михаил Шайдоров Милан Паралимпиадасының чемпионы Ербол Хамитовтың жетістігіне көңіл аударды

Михаил Шайдоров Милан Паралимпиадасының чемпионы Ербол Хамитовтың жетістігіне көңіл аударды

Мәнерлеп сырғанаудан Милан Олимпиадасында сенсациялық алтын медальді жеңіп алған Михаил Шайдоров өз парақшасында Ербол Хамитовты құттықтады, деп хабарлайды Sport12.kz

Милан Паралимпиадасында пара биатлоннан алғаш рет енгізілген спринттен із кесу сайысында (4,5 шақырым) Ербол Хамитов мәреге жеке дара жетті.

Отырып жарысу

1-орын. Ербол Хамитов - 9:39.0

2-орын. Тарас Радь (2 дүркін Паралимпиада чемпионы, Украина) - 10:00.5

3-орын. Лю Цзысюй (2 дүркін Паралимпиада чемпионы, Қытай) - 10:11.5

Айта кетейік, бұған дейін Ербол Хамитов пара шаңғы жарысында қола медаль иеленген еді.

Бұл қысқы Паралимпиада ойындары бойынша ел тарихындағы екінші алтын медаль. Бұған дейін 2018 жылы Пхенчхан Паралимпиадасында Александр Колядин пара шаңғыда топ жарған еді.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»