Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Пара биатлоншы Александр Герлиц Милан Паралимпиадасында жүлдеге іліне алмады

Пара биатлоншы Александр Герлиц Милан Паралимпиадасында жүлдеге іліне алмады

Бүгін Италияда өткен Паралимпиада ойындарында Александр Герлиц пара биатлоннан 4,5 км қашықтықтағы із қуу дисциплинасын 12 минут 30 секунд уақытта бағындырып, жарыс жолын тоғызыншы орынмен аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz

Осы дистанцияда отырып жарысатын спортшылар қатарында LW12 классында Ербол Хамитов 9 минут 39 секундта еңсеріп, Милан-Кортина Паралимпиада ойындарының жеңімпазы атанды.

Бұл қазақстандық спортшының осы бәсекедегі екінші жүлдесі. Бұған дейін ол пара шаңғы жарысынан 1500 м классикалық спринт дисциплинасында қола медальді жеңіп алып,ел қоржынына аталмыш бәсекенің алғашқы жүлдесін сыйлаған болатын.

Оған қоса, бүгін осы спорт түріндегі финалдық жарысында Юрий Березин он тоғызыншы, ал Сергей Усольцев жиырма үшінші болып мәреге жетті.

Ұлттық құраманың спортшылары үшін келесі жарыс ертең 14 наурызда пара шаңғы жарысынан 4х2,5 ашық эстафета бойынша өтеді.

Бұл дисциплинада ел намысын Александр Герлиц, Владислав Кобаль мен Ербол Хамитов қорғайды.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»