3 сағат бұрын
Ербол Хамитовтің алтын медалінен кейін Паралимпиадада Қазақстан құрамасы 18-орынға көтерілді
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі
Пара биатлоншы Ербол Хамитовтің Паралимпиада чемпионы атанғаннан кейін Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде қай орынға жайғасқаны белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық Ербол Хамитов дүбірлі дода барысында қазірге дейін бір алтын және бір қола медаль алып үлгерді. Ол бүгін пара биатлоннан 4,5 шақырымдық із кесу жарысында (отырып жарысу санаты) жеңістің ең биік тұғырына көтерілді.
Оған дейін 10 наурызда пара шаңғы жарысынан 1500 метрге классикалық спринт жарысында қола медаль жеңіп алды.
Қазір Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде 1 алтын және 1 қола медальмен 18-орынға жайғасты.
Бұл кестеде Қытай 33 (12 алтын, 9 күміс, 12 қола) көш басында тұрса, одан кейінгі орындардағы АҚШ - 19 (9-5-5), Италия - 14 (6-7-1) медалі бар.
Сондай-ақ алғашқы ондықта Аустрия, Франция, Ресей, Украина, Швеция, Германия және Канада құрамалары келеді.
Қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы пара шаңғы жарысы мен пара биатлон спорт түрлері бойынша ел намысын қорғап жатыр.
Биылғы дүбірлі додада Қазақстан құрамасы пара шаңғы және пара биатлон спорт түрлері бойынша ел намысын қорғайды. Халықаралық аренада Қазақстан атынан 7 спортшы сынға түседі. Олардың қатарында Ербол Хамитов, Нұрлан Әлімов, Александр Герлиц, Юрий Березин, Владислав Кобаль, Сергей Усольцев және Анна Грачева бар.
Құрама сапындағы ең жас спортшы — пара шаңғы жарысында өнер көрсететін 17 жастағы Владислав Кобаль. Ал команданың ең тәжірибелі әрі жасы үлкен мүшесі — пара шаңғы және пара биатлоннан бақ сынайтын Сергей Усольцевтің жасы 51-ге келді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»