3 сағат бұрын
Атақты бизнесмен Милан Паралимпиадасының чемпионы Ербол Хамитовқа автокөлік сыйлайды
Қазақстандық Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов Италиядан оралғаннан кейін, оған автокөлік сыйға тартылады, деп хабарлайды Sport12.kz
Бизнесмен Нұрлан Смағұлов спортшыға Chery Tiggo 7 автокөлігінің кілтін табыстауды ниет етіп отыр. Сыйлық чемпион елге оралғаннан кейін беріледі.
Еске сала кетейік, Ербол Хамитов Италияда өткен қысқы Паралимпиада ойындарында отырып жарысатын спортшылар арасында парабиатлоннан 4,5 шақырымдық із кесу сайысында алтын медаль жеңіп алған болатын.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов