Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

3 күн бұрын

Милан Паралимпиадасының чемпионы Ербол Хамитов Геннадий Головкин жайлы пікірін білдірді

Милан Паралимпиадасының чемпионы Ербол Хамитов Геннадий Головкин жайлы пікірін білдірді

Паралимпиада-2026-ның алтын жүлдегері, парашаңғышы Ербол Хамитов әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазіргі уақытта Паралимпиада-2026-да Қазақстаннан медаль алған жалғыз спортшы — Ербол Хамитов. Ол Геннадий Головкиннің бір кезде айтқан өсиетін еске алды. Бұл сөзді Головкин мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровқа Милан мен Кортинада өткен Олимпиада-2026-да тарихи алтын медаль жеңіп алғаннан кейін айтқан болатын.

«Геннадий Геннадьевич айтқандай, бұл медальдің де екінші жағы бар… Әрқашан адам болып қалыңыздар», — деп жазды спортшы Threads желісінде.

Кеше парабиатлоннан 4,5 шақырымдық спринт жарысында Ербол Хамитов 9:39,0 нәтижемен және бір ғана мүлт кетумен мәреге жетіп, Паралимпиада-2026-ның алтын медалін жеңіп алды.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»