3 сағат бұрын
Украина Паралимпиаданың жабылуына қатысудан бас тартты
Украина Паралимпиада комитеті 2026 жылғы Паралимпиаданың жабылу салтанатына қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Sport12.kz
«Жоқ, ешқашан (Украина жабылу салтанатына қатыспайды). Ол жерде Ресейдің туы көтеріледі. Бұл Паралимпиада ойындары — тарихтағы ең нашар ойындар», — деп Сушкевичтің сөзін Inside the Games келтіреді.
Бұған дейін чехиялық шаңғышы Симона Бубеничкова және оның сүйемелдеушісі Давид Шрутек 2026 жылғы Паралимпиадада тұғырда ресейлік спортшылар Анастасия Багиян мен Сергей Синякинмен бірге ортақ суретке түсуден бас тартқан еді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов