Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Милан Паралимпиадасының чемпионы Ербол Хамитовке пәтер берілді

Милан Паралимпиадасының чемпионы Ербол Хамитовке пәтер берілді

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жетістікке жеткен спортшыларды марапаттады, деп хабарлайды Sport12.kz

Петропавл қаласындағы Наурыз мейрамын тойлау барысында облыс әкімі Ербол Хамитовке үш бөлмелі пәтер, Надежда Морозоваға екі бөлмелі пәтер, ал Шумековалар отбасына үш бөлмелі пәтер табысталды. Сонымен қатар, бірқатар спортшылар мен жаттықтырушылар ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Айта кетейік, Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов ел қоржынына алтын және қола медаль салды. Конькимен жүгіру спортында өнер көрсетіп жүрген Шумековалар да жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Әсіресе, Германияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бес алтын және бір күміс медаль жеңіп алған Кристина Шумекованы ерекше атап өткен жөн. Сондай-ақ, 2026 жылғы Олимпиада ойындарында облысымыздан шыққан жалғыз спортшы Надежда Морозова да өңір намысын абыроймен қорғады.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»