Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Ербол Хамитовқа Астана қаласынан пәтер берілді

Ербол Хамитовқа Астана қаласынан пәтер берілді

Бүгін, 27-ші наурызда пара биатлоннан XIV қысқы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Ербол Хамитовқа Астана қаласындағы Zauzar тұрғын үй кешенінен екі бөлмелі пəтердің кілтін «Grand Building Group» ЖШС құрылыс компаниясы табыстады, деп хабарлайды Sport12.kz

Салтанатты шара барысында құрылыс компанияның бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры Меруерт Адилбаева спортшыны жеңіспен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

«Милан-Кортина-2026 қысқы XIV Паралимпиада ойындарында жоғары нəтиже көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғаған Ербол Хамитовты шын жүректен құттықтаймыз. Біз үшін жеңімпазға пəтер сыйлау – үлкен мəртебе əрі пара спортшыларға деген құрметіміздің белгісі. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете беруіңізге тілектеспіз»,-деді Меруерт Адилбаева.

Айта кетейік, Ербол Хамитов Милан–Кортина–2026 қысқы Паралимпиада ойындарында пара биатлоннан 4,5 км қашықтықтағы із қуу дисциплинасында жеңімпаз, ал пара шаңғы жарысынан 1500 м классикалық спринт жарысында қола жүлдегер атанды. Оған қоса, кеше мемлекет басшысы пара спортшыны III дəрежелі «Барыс» орденімен марапаттаған болатын. Ербол Хамитов пара биатлон жəне пара шаңғы жарысы бойынша «Еңбек сіңірген спорт шебері» атағын иеленіп, Қазақстан тарихында тұңғыш рет бірден екі спорт түрінен бұл мəртебеге қол жеткізген спортшы атанды. Ербол Хамитовқа пəтер кілті табысталған соң, ресми құжаттарға қол қойылып, сыйға берілген пəтер таныстырылды. Іс-шара кезінде Ербол Хамитов алғысын жеткізді:

«Паралимпиада ойындарында жеңімпаз атанып, Əнұранымызды шырқату – менің арманым еді. Осы мақсатыма жеткеніме қуаныштымын. Мені қолдап, сенім артқан барша жандарға ризашылығымды білдіремін.

Еңбегімізді бағалап, мəртебемізді асқақтатып жатқан GBG компаниясына алғыс айтамын», – деді Ербол Хамитов.

XIV қысқы Паралимпиада ойындары 6-15 наурыз аралығында Италияда өтті. Жарысқа 55 елден 600-ден аса спортшы қатысты. Олар пара биатлон, пара шаңғы жарысы, арбадағы керлинг, пара хоккей, тау шаңғысы, пара сноуборд спорт түрлері бойынша 79 медаль жиынтығын сарапқа салды.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»