2 сағат бұрын
Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов балалық шақтағы арманын айтып берді
Фото: Ақорда
2026 жылғы Паралимпиада ойындарының чемпионы және қола жүлдегері Ербол Хамитов балалық шақтағы арманы жөнінде айтып берді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде ол телеарнаға берген сұхбатында айтты.
Ол балалық шағында футболшы болуды армандаған екен. Дегенмен Ербол спорттың өзге түрінен елімізді әлемге танытуға мүмкіндік алды.
Қазақстандық Ербол Хамитов дүбірлі дода барысында бір алтын және бір қола медаль алды. Ол пара биатлоннан 4,5 шақырымдық із кесу жарысында (отырып жарысу санаты) жеңістің ең биік тұғырына көтерілді. Оған дейін 10 наурызда пара шаңғы жарысынан 1 500 метрге классикалық спринт жарысында қола медаль жеңіп алған еді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»