Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Париж Паралимпиадасының чемпионы Ақмарал Науатбек босанды

Париж Паралимпиадасының чемпионы Ақмарал Науатбек босанды

Ақмарал Науатбек 2022 жылы Мәди Амангелді есімді дзюдошыға тұрмысқа шыққан еді, деп хабарлайды Sport12.kz

Кейінгі 5 жылдықта ғана пара спортқа ден қойған отандасымыз спорттық мансабында ірі жетістіктерді бағындырып үлгерген.

Ақмарал Науатбек 2023 жылы Ханчжоуда (Қытай) өткен Азия Пара ойындарында ел қоржынына алтын жүлде салды.

2024 жылы Париж Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Ол 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санатында) белдесіп, финалда тәжірибелі франциялық спортшы Сандрин Мартинеттен басым түсті (10:0). Осылайша Қазақстан тарихындағы дзюдодан тұңғыш Паралимпиада чемпионы атанған.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан