14.01.2025
Универсиада 2025: Бүгін жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар
Фото: olympic.kz
Кеше ресми түрде салтанатты ашылу рәсімі өткен ХХХII дүниежүзілік қысқы унирвесиаданың бүгін алғашқы жарыс күні.
Бүгін еліміздің атынан бәсекеге түсетін спортшыларымыз:
14:00. Биатлон (Ерлер), жекелей сын: Вадим Куралес, Кирилл Бауэр, Ержанат Қуандық, Никита Акимов.
15:00. Фристайл-могул, квалификация: Анастасия Гордко, Аяулым Әміренова, Максим Емельянов, Федор Бугаков, Семен Русаков, Антон Бондарев.
17:00. Биатлон (әйелдер), жекелей сын: Милана Генева, Полина Егорова, Алина Скрипкина, Айша Ракишева
18:30. Фристайл-могул, финал.
20:30. Хоккей (ерлер). Қазақстан – Оңтүстік Корея.
20:30. Хоккей (әйелдер). Чехия – Қазақстан.
Айта кетейік, Туринде жалауын желбіреткен, дүбірлі додаға әлемнің 57 елінен 2000-нан астам спортшы қатысады. Жарыс кезінде 11 спорт түрінен 96 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Азамат Бақи