Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

14.01.2025

Футболдан Қазақстан суперкубогы өтетін күні мен орны анықталды

Футболдан Қазақстан суперкубогы өтетін күні мен орны анықталды

Фото: ҚФФ

Футболдан Қазақстан суперкубогы өтетін күні мен орны анықталды.

Бұл кездесу 22 ақпанда «Астана-Арена» стадионында өтетін болды. Аталған жүлдені былтыр ел чемпионы атанған «Қайрат» пен «Ақтөбе» сарапқа салады. 

Қазірге дейін аталған турнирдің финалда 10 команда бақ сынаған. Олардың арасында «Астана» 10 мәрте финалда бақ сынап, 5 рет (2011, 2015, 2018, 2019, 2020, 2023) Суперкубокты иеленді. Одан кейінгі кезекте Алматының «Қайраты» 5 мәрте финалда бақ сынап, соның екеуінде (2016, 2017) жеңімпаз атанды.

Ал, «Ақтөбе» (2008, 2010, 2014) және «Тобыл» (2021, 2022, 2024) 3, «Елімай» (1995), «Ордабасы» (2012), «Шахтер» (2013) командалары бір-бірден жеңімпаз тұғырынан көрінді. Сондай-ақ «Атырау», «Восток» және «Қайсар» командалары суперкубокқа шыққанымен бірде-бір мәрте оған қол жеткізе алған жоқ.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»