19.01.2025

«Астана» командасына Дмитрий Шомко келіп қосылды

«Астана» командасына Дмитрий Шомко келіп қосылды

Фото: «Астана» ФК

«Астана» футбол клубы әлеуметтік желісінде Дубайда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына Дмитрий Шомко мен Данила Карпиковтың қосылғанын хабарлады.

21 жасар қақпашы Данила Карпиков өткен маусым «Шахтер» сапында 1 матч өткізген. Еске салсақ, қарағандылық ұжым өткен QFL маусымы қорытындысы бойынша тарихында алғаш рет премьер-лигадан бірінші лигаға түсіп қалған болатын.
Ал Шомкоға келетін болсақ, 34 жасар қорғаушы семейдің «Елімай» клубында доп тепті. Дмитрий аталмыш клуб жейдесінде, өткен маусымда 16 ойын өткізіп, 4 мәрте нәтижелі пас авторы атанған.

Айта кетейік, Дмитрий Шомко осыған дейін елордалық клубтың намысын 2011 жылы және 2014-2020 жылдар аралығында қорғаған.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас