21.01.2025

Универсиада-2025: Шаңғышыларымыз жүлде жеңе алмады

Универсиада-2025: Шаңғышыларымыз жүлде жеңе алмады

Фото: Mauro Ujetto/torino2025fisugames

Италияның Турин қаласында өтіп жатқан XXXII қысқы универсиада ойындарында шаңғы жарысынан бәсеке өтті.

Ерлер арасында 4х7,5 шақырымдық трассада сынға түскен Қазақстан құрамасы мәре сызығын бесінші болып қиды (1:10.45).
Ал қыздарымыз дәл осы сайыста белгіленген межені 1:29.43 сағатта бағындырып, тоғызыншы орынға табан тіреді.

Еске сала кетейік, Қазақстан командасы медальдар жиынтығы бойынша жалпы командалық есепте тоғызыншы орында келеді. Ел құрамасының қоржынында әзірге 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль бар.

Қысқы универсиада ойындары 23 қаңтарға дейін жалғасады.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас