22.01.2025

Универсиада-2025: Кирилл Бауэр қысқы ойындардың қола жүлде иегері атанды

Универсиада-2025: Кирилл Бауэр қысқы ойындардың қола жүлде иегері атанды

Италияның Турин қаласында өтіп жатқан қысқы универсиадада бүгін биатлоннан бәсеке өтті.

15 шақырымдық масс-стартта, жалпы 30 спортшы жарыс жолына шықты. Оның ішінде 4 қазақстандық биатлоншы бақ сынады.

Отандастарымыздың арасында ең үздік нәтиже көрсетіп, қолаға қол созған спортшы – Кирилл Бауэр (43:26.9). Ал қалған биатлоншыларымыз Вадим Куралес – алтыншы (43:49.8), Никита Акимов – жетінші (44:30.3), Ержанат Қуандық – он тоғызыншы орынға табан тіреді.

Еске сала кетейік, Қазақстан командасы медальдар жиынтығы бойынша жалпы командалық есепте тоғызыншы орында келеді. Ел құрамасының қоржынында әзірге 3 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль бар.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас