23.01.2025

«Реал Мадрид» «РБ Зальцбургты» ойсырата жеңді

«Реал Мадрид» «РБ Зальцбургты» ойсырата жеңді

Фото: soccer.ru

Чемпиондар Лигасының жетінші турында испаниялық «Реал Мадрид» өз алаңында Германияның «РБ Зальцбург» командасын қабылдады. 

 Бұл жеңіс «Реал Мадрид» және жанкүйерлері үшін де ерекше жеңіс болды. Себебі, ойынға дейін негізгі құрамдағы бірнеше футболшы жарақат алып қалған еді. 
Корольдік клуб Ла лигада көш бастап келеді. Ал Чемпиондар лигасында жағдайын біршама қиындатып алған еді.

Кездесу барысында 23-минутта 11 нөмірдегі Родригоның тепкен добы қақпаның торында тулап жатты. Араға 11 минут салып, бразилиялық жас ойыншы тағы да мергендік танытты.

Осылайша матчтың бір бөлігі 2:0 есебімен аяқталып, футболшылар үзіліске аттанды. 

Ойынның 48-минутында корольдік клубтан француздық шабуылшы Киллиан Мбаппе есепті 3:0-ге жеткізді. Бразилиялық хас шебер Винисиус Жуниор 55-минутта есепті ұлғайтса, ол 77-минутта қос голдың авторы атанды.
Ойынның 85-минутында «РБ Зальцбург» сапынан Бидуструп жалғыз голдың авторы атанды. Қорытынды есеп 5:1, корольдік клубтың пайдасына шешілді.

Осылайша, жеті ойынның төртеуінде жеңіп, үшеуінде жеңілген «Реал Мадрид» 12 ұпаймен турнир кестесінде 16орынға көтерілді.

Ал,«РБ Лейпциг» болса, 7 ойынның тек 1 матчта жеңіске жетіп, 3 ұпаймен 34-орынға місе тұтып тұр. Соңғы турда «Реал Мадрид» Францияда «Брестпен» кездессе, «РБ Зальцбург» болса Испанияда мадридтік «Атлетиконы» өз алаңында қабылдайды.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас