23.01.2025

Универсиада-2025: Қазақстандық шаңғышылар сынға түсті

Универсиада-2025: Қазақстандық шаңғышылар сынға түсті

Фото: torino2025_fisugames

Италияның Турин қаласында өтіп жатқан Универсиада ойындарында бүгін шаңғы жарысынан медальдар жиынтығы сарапқа салынды.

Ерлер арасында 20 шақырымдық классикалық масс-стартта жарыс жолына жалпы 77 спортшы шықты. Оның ішінде 3 қазақстандық шаңғышы жүлдеге таласты.

Отандастарымыздың арасында үздік нәтиже тіркеп, мәре сызығын жетінші болып қиған шаңғышы – Әмірғали Мұратбеков. Әмірғали 20 шақырымды 57:37.2 минутта еңсерді. Қалған спортшыларымыз Сұлтан Базарбеков – 10 орынға (57:59.5), Нартай Тұрлыбекұлы – 28 сатыға табан тіреді (1:00.24).
Ал финляндиялық Маркус Касанен белгіленген межені бірінші болып бағындырып (56;08.7), Универсиада ойындарының чемпионы атанды. Жапониялық Даито Ямадзаки күміспен күптелсе (56:17.7), тағы бір Финляндия өкілі Нико Беннерт үздік үштікті түйіндеді (56:21.4).

Еске сала кетейік, Қазақстан командасы медальдар жиынтығы бойынша жалпы командалық есепте 12 орында келеді. Ел құрамасының қоржынында әзірге 3 алтын, 4 күміс және 6 қола медаль бар.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас