24.01.2025
Еуропа лигасы: «Манчестер Юнайтед» қатарынан төртінші мәрте жеңіске жетті
Фото: olympic.kz
УЕФА Еуропа лигасы негізгі кезеңінің жетінші туры өтті.
Аталған турдағы негізгі кездесудің бірі «Манчестер Юнайтед» (Англия) пен «Глазго Рейнджерс» (Шотландия) командалары арасында өтті. Ағылшындық клуб қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті. Нәтижесінде қатарынан төрт мәрте жеңіске жетіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алды. Оған дейін олар үш мәрте тең түскен еді.
Сондай-ақ бұл күні «Порту» (Португалия) өз алаңында «Олимпиакос» (Грекия) командасына 0:1 есебімен жол берді.
Жетінші турдағы өзге ойындар:
АЗ «Алкммар» (Нидерланд) - «Рома» (Италия) 1:0
«Виктория Пльзень» (Чехия) - «Андерлехт» (Бельгия) 2:0
«Бодо-Глимт» (Норвегия) - «Маккаби Тель-Авив» (Израиль) 3:1
«Мальмё» (Швеция) - «Твенте» (Нидерланд) 2:3
«Хоффенхайм» (Германия) - «Тоттенхэм Хотспурс» (Англия) 2:3
«Фенербахче» (Түркия) - «Лион» (Франция) 0:0
«Айнтрахт» (Германия) - «Ференцварош» (Венгрия) 2:0
«Эльфсборг» (Швеция) - «Ницца» (Франция) 1:0
«Юнион Сен-Жилуаз» (Бельгия) - «Спортинг Брага» (Португалия) 2:1
«Лацио» (Италия) - «Реал Сосьедад» (Испания) 3:1
«Карабах» (Әзербайжан) - ФКСБ (Румыния) 2:3
РФШ (Латвия) - «Аякс» (Нидерланд) 1:0
ПАОК (Грекия) - «Славия Прага» (Чехия) 2:0
«Лудогорец» (Болгария) - «Мидтьюлланн» (Дания) 0:2
Аталған турдағы «Галатасарай» (Түркия) мен «Динамо Киев» (Украина) кездесуінде 3:3 есебі тіркелсе, «Бешикташ» (Түркия) өз алаңында «Атлетик» (Испания) клубын 4:1 есебімен жеңді.
Әділжан Үмбет.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас