24.01.2025
Ислам Махачевтің қашан жекпе-жек өткізетіні белгілі болды
Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Ислам Махачевтің (28-1-0) менеджері Әли Абдель-Азиз ресейлік файтердің қашан жекпе-жек өткізетіні туралы әлеуметтік желіде жазба жариялады.
– Ислам октагон төріне жазда оралады. Біз жаз айларының басында жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырмыз,– деді Абдель Азиз әлеуметтік желіде.
Еске сала кетейік, Махачев UFC 311 турнирінде бразилиялық жауынгер Ренато Мойканоны (20-6-1) бірінші раундта қылқындыру әдісімен жеңіп, чемпиондық белбеуін қатарынан төртінші рет қорғап қалған болатын.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Азамат Бақи