24.01.2025

«Тобыл» командасына Черногория құрамасының қорғаушысы қосылды 

«Тобыл» командасына Черногория құрамасының қорғаушысы қосылды 

Фото: «Тобыл» футбол клуубы

Қостанайдың «Тобылы» Черногория құрамасының қорғаушысы Марко Вукчевичпен келісім-шартқа отырды.

Марко – еуропалық футбол мектебінен өткен тәжірибелі қорғаушы. Ол мансабында «Будучность», «Олимпия» және «Ислочь» сияқты клубтарда ойнады. Сондай-ақ Черногория құрамасының белді ойыншысы. «Тобылға» дейін Вукчевич Босния мен Герцеговинаның «Борац» командасының намысын қорғады. Оның кәсіби шеберлігі мен сенімді ойыны біздің команданы күшейтері сөзсіз.

Туған күні: 7 маусым 1993

Бойы: 180 см

Салмағы: 75 кг

Позициясы: Қорғаушы

Азаматтығы: Черногория


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас