02.02.2025
Майкл Пэйдж Шарабутдин Магомедовқа қарсы жекпе-жекте жеңіске жетті
Фото: ufc
Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан UFC Fight Night 250 турнирінде Майкл Пэйдж (22-3) Шарабутдин Магомедовты (15-0) ұпай саны бойынша жеңді.
Кездесу 83,9 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтті. Ағылшындық файтер үш раундтың қорытындысында, төрешілердің бірауыздан берген шешімі бойынша қарсыласынан басым түсті (30:27; 30:27; 29:28).
Осылайша Майкл Пейдж 23-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал «Шара Буллет» мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Азамат Бақи