02.02.2025
Конькимен жүгіруші Алина Дауранова Италиядағы турнирде топ жарды
Фото: olympic.kz
Қазақстандық конькимен жүгіруші Алина Дауранова жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды.
Италияның Коллальбо қаласында өтіп жатқан дүбірлі додада спортшымыз 1000 метр қашықтықта мәре сызығын алғашқы болып қиды.
Аталған бәсекеде күміс жүлде жергілікті спортшы Мэйбрит Вигльге бұйырды. Ал үздік үштікті норвегиялық Инна Накен түйіндеді.
Басқа да отандастарымыз Арина Ильященко төртінші орынға тұрақтаса, Алёна Лифатова бесінші орынға табан тіреді.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Азамат Бақи