02.02.2025
Кәсіпқой бокс: Сергей Липинец чемпиондық жекпе-жегінде есе жіберді
Кәсіпқой бокстан Лондонның "Уэмбли" стадионында өткен кештің басты жекпе-жегінде бірінші жартылай орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Сергей Липинец 22 жастағы британдық Адам Азимнен мерзімінен бұрын жеңілді.
35 жастағы Липинец үшінші раундта нокдаунға түсті, ал тоғызыншы раундта оның ауыр соққылар алуына байланысты рефери жекпе-жекті тоқтатты.
Айта кетейік, Сергей Липинец кейінгі айқастарында Қазақстанның атынан өнер көрсетіп жүр.
Жеңіске жеткен Адам Азим IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов