04.02.2025

«Ордабасы» екінші оқу-жаттығу жиынындағы қарсыластарын жариялады

«Ордабасы» екінші оқу-жаттығу жиынындағы қарсыластарын жариялады

Фото: «Ордабасы» ФК

«Ордабасы» футбол клубы оқу-жаттығу жиынының екінші кезеңінде кімдермен кездесетінін хабарлады.

Команда екінші ОЖЖ аясында бес жолдастық кездесу өткізеді.

07.02 — «Милсами» (Молдова)
12.02 — «Телави» (Грузия)
16.02 — «Иберия» 1999 (Грузия)
23.02 — «Нефтчи» (Өзбекстан)
24.02 — «Әндіжан» (Өзбекстан)

Клуб маусымға дайындық ретінде өткізіліп жатқан Түркиядағы жиынның алғашқы бөлігінде 2 ойында 1 рет жеңіліс тауып, 1 мәрте тең нәтиже тіркеді.

«Ордабасы» 0:3 ЦСКА
«Ордабасы» 1:1 АГМК

Еске салсақ, шымкенттік клуб өткен QFL маусымын 24 ойында, 42 ұпай жинап, төртінші орында аяқтаған болатын.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!