04.02.2025
Бақтияр Артаев: Қамшыбек Қоңқабаев мансабын аяқтады деп нақты айта алмаймыз
Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев Қамшыбек Қоңқабаевтың спорттық мансабына байланысты пікірін білдірді.
«Қамшыбек бұл туралы ресми түрде мәлімдеген жоқ. Мен өзім онымен сөйлестім. Егер кәсіби мансабын аяқтаса, спорт саласында жұмыс тауып беруге дайын екенімді айттым. Бірақ ол бұл мәселе бойынша нақты шешім қабылдамағанын жеткізді. Қазір оның өмірінде қиын кезең болуы мүмкін, сондықтан бокс басты орында емес шығар», – деді Артаев «Спорт Министрі» басылымына берген сұхбатында.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов