04.02.2025

Гүлжігіт Әліқұлов: Алматылық клуб сапында Александр Шпилевский тұсында 2 жыл доп тептім

Гүлжігіт Әліқұлов: Алматылық клуб сапында Александр Шпилевский тұсында 2 жыл доп тептім

Мәскеулік «Торпедо» клубының жартылай қорғаушысы Гүлжігіт Әліқұлов алматылық ұжым сапындағы мансабымен бөлісті.

««Қайрат» футбол клубының оқу-базасы әлемдегі ТОП-10-ға кіреді.  Әрине, ол жерде дамисың, өсесің. Алматылық клуб сапында Александр Шпилевский тұсында 2 жыл доп тептім. Сол кісі командаға шақырды. Одан кейін Құрбан Бердиев келді. Ол тәртіпті бірінші орынға қоятын маман. Көптеген жаңа дүниелерді үйренуге болады. Адами тұрғыдан өте разымын. Еуропа лигасы, Конференция лигасында өнер көрсеттім. Мол тәжірибе жинадым. Барлық футболшыларды атай алмаймын. Бірақ Вагнер Лав, «Зенит» клубында доп тебетін Нұралы Әліп болып еді. «Қайрат» - академиясындағы талантты шәкірттеріне көмектесетін үлкен команда».


Біздің серіктес: Бізге тіркел!