04.02.2025
ҚПЛ-дің бірінші туры тартысты болмақ
Желіде Қазақстан премьер-лигасы келесі маусымының жарыс күнтізбесі жарияланды.
Серый CARDINAL телеграмм арнасының ақпаратына сүйенсек ҚПЛ бірінші туры аясында екі бірдей сұрапыл ойын болмақ.
Қазақстан чемпионатының бірінші турында «Астана» мен «Қайрат» арасындағы ел классикасы өтеді. Одан бөлек «Ордабасы» өз алаңында бітіспес қарсыласы «Ақтөбе» клубын қабылдайды.
«Қызылжар» — «Жетісу»
«Астана» — «Қайрат»
«Ордабасы» — «Ақтөбе»
«Тұран» — «Оқжетпес»
«Атырау» — «Елімай»
«Қайсар» — «Жеңіс»
«Тобыл» — «Ұлытау»
Чемпионаттың шымылдығын ашатын тур 1-2 наурыз аралағында өтеді. Ал екінші тур ойындары 8-9 наурыз күндеріне жоспарланған.
Еске салсақ, Қазақстан чемпионатының өткен маусымында «Қайрат» 24 ойында 47 ұпай жинап, чемпион атанған болатын.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Азамат Бақи