Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

05.02.2025

Шавкат Рахмонов Леон Эдвардспен айқасуы мүмкін

Шавкат Рахмонов Леон Эдвардспен айқасуы мүмкін

UFC-де өнер көрсететін қазақ Шавкат Рахмонов биыл чемпиондық титулға қол жеткізген жағдайда британдық әйгілі файтер Леон Эдвардспен жекпе-жек өткізуі мүмкін.

Эдвардс – әлемнің экс-чемпионы. Бұл титулынан ол Белал Мұхаммадпен болған жекпе-жектен соң айрылып қалды. Енді атағын қайтару үшін биыл бар күшін салатынын мәлімдеп отыр деп жазды bjpenn.com сайты.

Британдық файтер 22 наурызда октагонға оралады. Ол аустралиялық Джек Делла Маддаленамен төбелеспек. Жеңген жағдайда Рахмонов – Мұхаммад жұбының жеңімпазымен жекпе-жек өткіземін деп сеніммен айтып отыр.

Айта кетейік, Леон Эдвардс 22 наурыз күні Джек Делла Маддаленнамен кездеседі.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»