Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

05.02.2025

Юлия Путинцева WTA 500 турнирін алғашқы айналымнан аяқтады

Юлия Путинцева WTA 500 турнирін алғашқы айналымнан аяқтады

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева WTA 500 турниріндегі бірінші матчында жеңіліс тапты.

БАӘ астанасы Абу-Дабиде өтіп жатқан жарыстың 1/8 финалында Путинцева (WTA: 21 орын) чехиялық Маркета Вондрусовамен кездесті (WTA: 37 орын).

1 сағат 20 минутқа созылған матчта Юлия қарсыласына 0:2 (2:6; 3:6) есебімен есе жіберді.

Енді Маркета байрақты бәсекенің ширек финалында швейцариялық Белинда Бенчичпен (WTA: 157 орын) кім мықтыны анықтайды.

Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 1,064,510 долларды құрайды.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»