Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

06.02.2025

6 ақпанда кімдерге сенім артамыз?

6 ақпанда кімдерге сенім артамыз?

Фото: Сали Сабиров

Бүгін, 6 ақпанда, Қытайдың Харбин қаласындағы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар керлинг және шайбалы хоккейден сынға түседі.

Дүбірлі доданың салтанатты ашылуы 7 ақпанға жоспарланған. Соған қарамастан Қазақстан құрамасы кейбір командалық спорт түрінен жарысты 3 ақпаннан бастап кеткен еді.

Назарларыңызға Қазақстан құрамасының бүгінгі жарыс кестесін ұсынамыз.

Керлинг (аралас жұп). Топтық кезең:

07:00. Қазақстан — Қырғызстан

15:00. Қазақстан — Филиппин

Хоккей (әйелдер). Топтық кезең:

16:30. Қазақстан — Тайвань

Аталған бәсекелерді Qazsport арнасы көрермендер назарына тікелей эфирде ұсынады.

Айта кетейік, IX Қысқы Азия ойындары 7-14 ақпан аралығында Қытайдың Харбин қаласында өтеді.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»