06.02.2025
Стас Покатилов жаңа клубындағы алғашқы матчын өткізді
Фото: «Сабах» ФК
Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов әзірбайжандық «Сабах» клубындағы алғашқы ойынын өткізді.
Кеше түнде «Сабах» Әзірбайжан кубогының ширек финалы аясында «Сумгаит» клубымен кездесті. Масазыр қаласындағы «Алинджа Арена» стадионында өткен матч 0:0 есебімен аяқталды. Екі команда арасындағы қарымта кездесу 27 ақпанға жоспарланған.
Отандасымыз ойынды негізгі құрамнан бастап, командасының қақпасын толық матч бойы қорғады.
Еске салсақ, бакулық ұжым Покатиловты қаңтар айында қатарына қосқан болатын. Қос тарап осы маусымның соңына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.
«Сабах» Әзірбайжан премьер лигасының биылғы маусымында 21 ойында 28 ұпай жинап, 5 орында келеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Азамат Бақи