Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

06.02.2025

Неймар «Сантос» сапында араға 11 жыл салып алаңға шықты

Неймар «Сантос» сапында араға 11 жыл салып алаңға шықты

Фото: Рауль Баретта/«Сантос» ФК

Неймар Жуниор бразилиялық «Сантос» клубы сапында араға ұзақ уақыт салып матч өткізді.

Бразилияның Паулиста чемпионаты аясында «Сантос» өз алаңында «Ботафого Сан-Паулу» клубымен матч өткізді. Кездесу 1:1 есебімен аяқталды.

Көпшілік тағатсыздана күткен Неймар 46-шы минутта алаңға Габриэль Бонтемпоның орнына алмасып шықты. Ойында нәтижелі әрекетпен көзге түсе алмаса да, ол матчтың үздік ойыншысы деп танылды.

Осылайша Неймар өзінің түлеп ұшқан клубының жейдесінде араға 11 жыл, 258 күн салып алаңға шықты. Соңғы рет 2013 жылдың мамыр айында «Фламенго» ұжымына қарсы ойында доп тепкен.

Еске салсақ, бразилиялық вингер «Сантос» клубына еркін агент ретінде ауысқан болатын. Қос тарап осы маусымның соңына дейін жарамды келісімшартқа отырды.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»