06.02.2025
«Қайсар»Түркияда алғашқы жеңісіне жетті
Фото: «Қайсар» футбол командасы
Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны барысында қызылордалық клуб Македония чемпионатының үздік ұжымы «Шкупимен» күш сынасты.
Кездесу барысында қызылордалық команда қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті. Матчтағы жалғыз голды Нұрдәулет Ағзамбаев соқты.
Енді «Қайсар» 7 ақпанда Қырғызстанның «Өзген» клубымен шеберлік байқасады.
Ал 15 ақпанда Өзбекстанның «Насаф» клубымен ойнаса, 17 ақпанда сол елдің «Согдиана» командасымен жасыл алаңға шығады.
Айта кетсек, Түркияда өткен алғашқы оқу-жаттығу жиынында Виктор Кумыковтың шәкірттері төрт кездесу өткізді. Оның үшеуінде жеңілсе, біреуінде тең нәтижеге қанағат білдірді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»