06.02.2025
Румынияның үздік футболшысы «Елімай» сапына қосылады
Румыниялық Эдуард Флореску қазақстандық «Елімай» командасы сапына ауысатын болды.
27 жастағы футболшы қазір өз елінің «Ботошани» клубында ойын көрсетеді. Өткен маусымда Флореску аталған ұжым сапында 29 ойында 10 голдың авторы атанды.
Сол арқылы аталған чемпионаттың үздік жартылай қорғаушысы болды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»