Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

07.02.2025

«Атырау» сапына Грузияның үздік сұрмергені қосылды

«Атырау» сапына Грузияның үздік сұрмергені қосылды

«Атырау» командасы құрамына грузиялық шабуылшы Георгий Никабадзе қосылды. 

Команда басшылығы 34 жастағы футболшымен келісімшарт жасалғанын мәлім етті. 
Қазірге дейін ол «Навбахор», «Гурия», «Самгурали», «Гуджа Юнайтед», «Телави», «Динамо Батуми» және «Нефтчи» клубтарында доп тепкен. 

2021 жылы ол чемпион атанса, сол жылы Грузияның жоғары лигасында үздік сұрмерген болды.

Transfermarkt порталының мәліметінше, оның қазіргі құны 125 000 € (евро) құрайды.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»