08.02.2025
UEFA футзал құрамалары рейтингін жаңартты
Фото: Дамир Серік/ҚФФ
UEFA (Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы) футзалдан жаңартылған құрамалар рейтингін жариялады.
2025 жылдың 6 ақпанында өзгерген үздік футзал құрамалары тізімінде Қазақстан үшінші орынға табан тіреді.
UEFA нұсқасы бойынша қазіргі таңдағы үздік 10 футзал құрамасы:
- Португалия – 2943,891 ұпай;
- Испания – 2637,063 ұпай;
- Қазақстан – 2552,040 ұпай;
- Ресей – 2547,159 ұпай;
- Украина – 2334,137 ұпай;
- Франция – 2227,347 ұпай;
- Хорватия – 2048,803 ұпай;
- Польша – 1958,069 ұпай;
- Финляндия – 1910,321 ұпай;
- Италия – 1905,858 ұпай.
Айта кетейік, Кака шәкірттері Еуро-2026 турниріне іріктеу кезеңіндегі 4 матчта 2 рет жеңіске жетіп, 1 рет жеңіліс тауып, 1 мәрте тең нәтиже тіркеді. Ұлттық құрамамыз өз тобында 7 ұпай жинап, екінші орында келеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Азамат Бақи