12.02.2025
12 ақпанда қай спортшыларымыз сынға түседі?
Фото: Сали Сабиров/ҰОК баспасөз қызметі
Бүгін, 12 ақпан, Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының бесінші жарыс күні.
Қазақстандық спортшылар керлинг, ски-альпинизм, шаңғы жарысы және мәнерлеп сырғанау сынды спорт түрлерінен бақ сынайды.
Назарларыңызға Қазақстан құрамасының бүгінгі жарыс кестесін ұсынамыз.
06:00; 16:00. Керлинг, әйелдер. Топтық кезең: Оңтүстік Корея – Қазақстан, Қазақстан – Таиланд
11:00. Керлинг, ерлер. Топтық кезең: Қырғызстан – Қазақстан
07:30. Ски-альпинизм. Аралас эстафета. Іріктеу және финал: Әсем Назырова, Нияз Жанзақов
08:00. Шаңғы жарысы, әйелдер. Эстафета, 4х5 км: Ксения Шалыгина, Камила Елғазинова, Ангелина Шурыгина, Надежда Степашкина
10:00. Шаңғы жарысы, ерлер. Эстафета, 4х75 км: Константин Борцов, Наил Башмаков, Олжас Климин, Владислав Ковалёв
10:30. Мәнерлеп сырғанау. Әйелдер, қысқа бағдарлама; мұздағы би, еркін бағдарлама: Софья Самоделкина, София Фарафонова, Бойсангур Датиев, Гаухар Наурызова
Тікелей көрсетілімдерді Qazsport арнасынан тамашалай аласыздар.
Айта кетейік, Қытайдың Харбин және Ябули қалаларында өтіп жатқан IX Қысқы Азия ойындары 14 ақпанға дейін жалғасады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Азамат Бақи